Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі АРЫСПЕН БІРГЕ!

Өкінішке орай Арыста алапат жарылыс болды! Әскери  қару-жарақ сақталған қойма жарылды! Бұл оқиға бәрімізді  бір сілкіп алғандай. Күтпеген жағдай. Әрине аянышты.Әрине қорқынышты. Ата-анасынан адасып қалған балалар, жақындарына алаңдаған адамдар, шошынған тұрғындар ... Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің ұжымы бірауыздан  келісіп Арыс ауданы тұрғандарына біркүндік  жалақыларын аударуға, ал студенттеріміз, Жас Отан жастар қанаты белсенділері азық-түлік, су, киім-кешек, балалар тағамы сынды аса қажет заттарды жинап өткізбекші. Ниеті адал жандарға Алла разы болсын! Қадірлі Арыстағы ағайын, жүректеріміз сіздермен бірге!



Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil