"Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының "Сымбат" бастауыш партия ұйымының біріккен жиналысы

19 қазан күні Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының "Сымбат" бастауыш партия ұйымының біріккен жиналысы болып өтті. Жиналыста:
1. "Сымбат" бастауыш партия ұйымының 2017-2018 жылдарда атқарған жұмыстары;
2. "Сымбат" бастауыш партия ұйымының Бюросын (төрағасы) сайлау туралы;
3. Партияның аумақтық филиалының конференциясында делегаттарды сайлау туралы мәселелер қаралды.
4. Президент жолдауы туралы.
"Сымбат" бастауыш партия ұйымының төрағасы О.Ж.Қуанышбаев болып қайта сайланды.
Бастауыш партия ұйымының белсенді мүшелері Елбасы Жолдауы бойынша азаматтық көзқарастарын білдіріп, өзара пікір алмасты.