Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


  

 

Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі 1956 жылы Қызылорда құрылыс тресті маңында №26 десятниктер мектебі ретінде құрылды, кейін №26 Қызылорда құрылыс мектебі, 1958 ж. №113 орта білім беру  училище боып қайта құрылды. 1984 ж. №6 орта - білім беру училище және 1998 ж. №6 кәсіптік - техникалық мектеп болып өзгертілді. 2002 жылы №6 кәсіптік мектеп, 2009 жылдан бастап №6 кәсіптік лицей болып аталды.

№6 кәсіптік лицей Қызылорда облысы әкімдігінің «Кейбір білім беру мекемелерін қайта атау туралы» 2002 жылғы 07 тамыздағы №527 қаулысына сәйкес, «Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі 2013 жылғы 11 қаңтарда Заңды тұлға мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді.

«Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы әкімдігінің «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №435 қаулысына сәйкес, Қызылорда облысы білім басқармасының «Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» болып қайта құрылды.

«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты кейбір ұйымдарды қайта атау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы №734 қаулысына сәйкес, «Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып атауы өзгерді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының  Білім саласындағы бақылау департаменті берген 28.04.2017 жылғы № KZ45LAA00008994 бас лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

Колледж негізгі орта және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады, білім алушыларға кәсіптік және техникалық білім берудің аралас мамандықтары бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Колледждің қызметі ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңымен (19.04.2019 жаңартылды), мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен (бұдан әрі-МЖМБС), Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен,  «ҚР Тілдер туралы» Заңымен, ҚР Үкіметінің қаулыларымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі-ҚР БҒМ) бұйрықтарымен, нұсқаулық-әдістемелік хаттарымен, Білім беру қызметіне құқық беретін лицензиямен және Қазақастан Республикасы Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2017 жылғы 7 сәуірдегі №202 бұйрығымен бекітіліп, тіркелген колледж Жарғысымен регламенттеледі..

Қызылорда әкімиятының 2001 жылғы 12 қазандағы №106 қаулысы және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы №15 қаулысымен берілген жер учаскісіне меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акті, жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар жоқ, жер учаскесі бөлінбейді, жер учаскесін мақсатты тағайындау: оқу ғимараты болуын растайтын құжат болып табылады. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: 10-156-005-443. Жер учаскесінің алаңы – 8347,0 га.

Колледждің жалпы ауданы – 3743 га, онда 6 шеберхана, 13 жалпы білім, 8 арнайы және жалпы кәсіптік пәндер кабинеттері, 4 типтік компьютер бөлмесі, 120 адамға арналған спорт залы және акт залы, 120 адамға арналған асхана және кітап қоры мол кітапхана әр түрлі іс-шараларды өткізу үшін Интернет желісіне қосылған интерактивті жабдығы бар, бейнематериалдарды көрсету мүмкіндігі бар 30 орынға арналған мәжіліс залы, 3 оқу зертханасы, 8 интерактивті тақтамен жабдықталған кабинет, тиісті құрал-жабдықтармен және жиһазбен жабдықталған медициналық кабинет, оқу-әдістемелік кабинет бар. Студенттер мен қызметкерлердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында колледждің ішкі және сыртқы аумақтары бейнебақылауға, күзет және өрт дабылына қосылған.

Ресурстық және материалдық-техникалық базаны нығайту және жетілдіру колледж басшылығы тарапынан тұрақты бақылауда тұр, өйткені білім беру үдерісі жеткілікті материалдық-техникалық қамтамасыз етусіз толыққанды өтуі мүмкін емес, осылайша білім беру үдерісінің материалдық-техникалық базасын толықтыру және қамтамасыз ету колледждің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары (бұдан әрі- СЖ) шеңберінде даму параметрлеріне сәйкес келеді.

Колледж құрылымына: кадрлық құрам, оқу жұмысы, оқу-әдістемелік жұмыс, оқу-өндірістік жұмыс, оқу-тәрбие жұмысы, шаруашылық жұмыс бөлімдері кіреді. Колледж күндізгі оқу нысаны бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады, оқыту тілі – мемлекеттік тілде.

      

Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің басты мақсаты  - білім беру жүйесін заман талабына сай жақсарту және жетілдіру, бірпрофильді мамандықтардың білім бағдарламаларын сәйкестендіру, дуалды оқыту жүйесін ендіру болып табылады.

Колледждің мекен-жайы: 120018, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 35 ғимарат, байланыс телефондары: 8 (7242) 20-21-02, 8 (7242) 20-21-08, эл.почта: kurylysbiznes@mail.ru.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Expo 2017Аким КызылордыПрезидентДамуedil